2026 жылдың 13 наурызында «Үздік әдістемелік бірлестік-2026» сайысы болып өтті.Мақсаты: Ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Кәсіби деңгейі жоғары, жаңашыл сипаттағы, бәсекеге қабілетті шығармашылықпен жұмыс істейтін колледждің талантты пән бірлестігін анықтау.
Сайысымыз 7 кезеңнен тұрды
1. Таныстыру
II. Әдістемелік бірлестіктің портфолиосын қорғау.
III «Сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер» әдіс-тәсіл сайысы
IV. «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» (топтық,педагогикалық жағдаят және сұрақ – жауап,педагогикалық жағдаятқа 3 минут,сұрақ-жауапқа бірден жауап беру)
V. «Менің бірлестігім өзгеше» (бейнероликтер байқауы).
VI.«Бір бірлестік- бір кітап» Сахналық қойылым (команданың барлық мүшелері қатысуына болады) Уақыты: 7- минут
VII. «Ұстазға жеті өнерде аз» Әр ұстаз немесе топ ұстаздары өнерлерін ортаға салады.
Ұстаздар жаңашыл әдіс-тәсілдерін ортаға салып, білім берудегі озық тәжірибелерімен бөлісті. Көпшілікке ой салған, әсерлі әрі мазмұнды сабақтар жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыра түсті. Жеті кезең бойынша «Арнайы пән бірлестігі» мен «Жалпы пән бірлестігі» сайысқа түсіп,қорытындысында «Жалпы пән бірлестігі» 1 орын, «Арнайы пән бірлестігі» 2 орын иеленді,оқытушылар номинация бойынша марапатталып,бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына жол ашып, студенттердің терең білім алуына мүмкіндік береді. Бірлестік ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!
https://www.zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/486-zdik-distemelik-birlestik-2026-sajysy.html#sigFreeId867a4f21cb










