«Зайсан технология колледжі» КММ-де 2026 жылдың 23 -27 ақпан аралығында колледжішілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: Студенттердің жалпы білім беретін пәндер бойынша білімін бағалау, интеллектуалдық деңгейін арттыру,үздіктерді анықтап,ынталандыру,зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу. Студенттер олимпиада ережесімен толық таныстырылды. . Олимпиадаға 1 курс студенттері қатыстырылды.Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өтті

1)Қазақ тілі мен әдебиеті;

2)Орыс тілі мен әдебиеті;

3)Ағылшын тілі;

4) Қазақстан тарихы;

5)Математика;

6)Физика

7)Информатика

8)Химия

9)Биология

10)География

23.02.2026 жылы ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жылдық жоспарына сәйкес пәндер бойыша өтетін облыстық олимпиадаға іріктеу негізінде химия пәнінен колледжішілік олимпиада өткізілді.Олимпиадаға 1 курс студенттері қатысты.Олимпиада нәтижесі бойынша: Жалынбек Жалғар 1 орын, Қайнолда Нұрым 2 орын, Сайлаухан Сұлтан 3 орын алды.