Оқу-әдістемелік жұмыс

2017жылдың 23 ақпан айында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Л.Т.Сабиева С-3 тобының І курс студенті Зиядабекова Кербезді IQ – Интеллектуалды білім порталының ұйымдастырумен оқушылар мен студенттер арасындағы қашықтықтан өткізілген республикалық «Мәнерлеп оқу» атты шығармашылық байқауға қатыстырып, І және ІІ жүлделі орындарға ие болды.

Арнаулы пәндер бірлестігінің мақсаты:

 

Арнаулы пәндер мен өндірістік оқытудың технологиялық бірізділік принципін сақтай отырып, кәсіби білім, білік дағдысы қалыптасқан құзіретті маман даярлау.

24 қаңтар күні Аг-1 тобында арнаулы пән оқытушысы Қабимолла Ажардың дайындауымен "Мамандық өмір таңдауы" атты дөңгелек үстел өтті.

25 қаңтарда арнаулы пән оқытушысы Қайрақбаев Дастан Д-2 тобында "Үздік дәнекерлеуші" анықтауда кәсіби шеберлік сайысын өткізді.

26 қаңтарда өндірістік оқу шебері Б.Т.Айтбаева мен арнаулы пән оқытушысы А.Р.Жайлаубаева дайындаған "Медицина адамды, ал ветеринария бүкіл адамзатты емдейді" деген тақырыппен Вс-3 тобында шара өтті. Шарада студенттер белсенділік көрсетті. Олар сайыс барысында теориялық және практикалық тұрғыдан да өз білімдерін көрсете білді. Сайыс "өте жақсы" деген баға алды.

27 қаңтар күні Б-4 тобында бухгалтер мамандығы бойынша студенттерге "Білімді елге - кәсіби білікті ұрпақ" атты іскерлік сайыс ұйымдастырылды.